Пәкістандық намаз оқушылар Иран Ислам революциясына құрмет көрсетті
(last modified Sat, 12 Feb 2022 08:16:40 GMT )
Ақп 12, 2022 14:16 Asia/Almaty

Лахордағы пәкістандық намаз оқушылардың бірқатары ән шырқап, Иран Ислам Республикасының ұлық негізін қалаушы имам Хомейни мен революция шәһидтерін еске алды.

Жұма күні осы әдемі шарада Лахордағы Арва әл-Уатқи семинариясының үш жүзден астам шәкірті Ислам революциясына қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін білдірді. Осы ретте Лахордағы ИИР-ның Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Пәкістан элиталары мен БАҚ зерттеушілерінің симпозиумы өтті. Пәкістандық ақпарат құралдарының зерттеушілері Иранның Ислам революциясының 43 жылдық жеңісі кезінде қол жеткізген үлкен жетістіктерін жоғары бағалап, көршілес екі ел арасындағы ақпарат құралдары мен мәдени ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.