Ертең имам Əлидің(ғ.) туған күні!
(last modified Mon, 14 Feb 2022 10:06:33 GMT )
Ақп 14, 2022 16:06 Asia/Almaty

Хазірет Əли (ғ.) - шиіттердің бірінші имамы жəне хазірет Фатима-Заһраның (с.) жұбайы.

Хазірет Əли(ғ.) - Əбутəліптің ұлы, Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммедтің немере інісі. Ол х.қ.ж.с.б 23 жылы 13 режепте Құдай үйінде дүниеге келген. Х.қ.ж.с.б 40 жылы 21 рамазанда Куфа мешітінде Ибн Молджем Морадидің қолынан қаза тапты. Ирактың Наджаф қаласындағы оның мазарын жыл сайын миллиондаған адам зиярат етеді.

Иранның күн күнтізбесінде 13 режеп имам Əлидің туған күні Əкелер жəне ерлер күні деп белгіленген.