Иранның ауыл шаруашылығы өнімдерінің 85 пайыздан астамы Астара шекарасы арқылы экспортталады
Ақп 14, 2022 21:07 Asia/Almaty
Гилан облысының ауыл шаруашылығы джиһады ұйымының басшысы: "Иранның ауыл шаруашылығы өнімдерінің 85 пайыздан астамы Астара шекарасы арқылы экспортталады",-деп мәлімдеді.
Салех Мұхаммади: "Жыл сайын 750-800 тонна түрлі ауылшаруашылық өнімінің 85 пайызы Астарадағы тас, темір және теңіз жолдары арқылы Еуразия елдеріне экспортталады",-деді.
91 мың тұрғыны бар Астара ауданы Гилан облысының батысында, Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Ол тас, темір және теңіз жолдары арқылы Әзірбайжан республикасымен шекараласып, шетелдік сауда мен транзиттің маңызды пункті саналады.
Тегтер