Сақшылар корпусы құрлық күштерінің арнайы жасақтары қар үстінде əскери жаттығу өткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i59060-Сақшылар_корпусы_құрлық_күштерінің_арнайы_жасақтары_қар_үстінде_əскери_жаттығу_өткізді
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Саберин арнайы жасағы, Мырза Кучек хан арнайы күштері жəне имам Хасан Мұджтаба атындағы арнайы бригадаларының жауынгерлері Иранның солтүстік-батыс шекарасында қар үстінде əскери жаттығу өткізді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 17, 2022 19:33 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Саберин арнайы жасағы, Мырза Кучек хан арнайы күштері жəне имам Хасан Мұджтаба атындағы арнайы бригадаларының жауынгерлері Иранның солтүстік-батыс шекарасында қар үстінде əскери жаттығу өткізді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сəрсенбі күні хабарлауынша, Сақшылар корпусының арнайы жасақтары осы əскери жаттығуда заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, ауыр жағдайда өмір сүру, қар басқан аймақта жаттығу, құралдар мен қару-жарақ асынып шаңғы тебу, қардан үңгір жасау, жаралыларды тасымалдау, қарда атқа шабу, мұз қабаққа өрмелеу, жаяу жəне квадрациклмен қалың қарды кесіп өту жəне қарда оқ атуға жаттықты.