Амир Абдоллахиан: Қарсы тарап келіссөздерде өзінің іс жүзіндегі ерік-жігерін көрсетуі керек
(last modified Sat, 19 Feb 2022 11:15:50 GMT )
Ақп 19, 2022 17:15 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесуінде қарсы тараптың келіссөздерде өзінің іс жүзіндегі ерік-жігерін көрсетуі керектігін қуаттады.

Хұсейн Амир Абдоллахиан Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Антонио Гутерришпен кездесуінде: «Келіссөздер үдерісіндегі ілгерілеушілік айтарлықтай, бірақ қарсы тарап әлі де Иранның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі кейбір негізгі мәселелер бойынша байсалды саяси шешімдер қабылдап, өзінің іс жүзіндегі ерік-жігерін көрсетуі керек»,- деді.  Амир Абдоллахиан  сөзінің жалғасында: «Ауғанстанда  барлық саяси топтар қатысатын инклюзивті үкімет құру  елдің мәселелерін шешуге маңызды және өте тиімді»,- деп мәлімдеді.

Антонио Гутерриш де осы кездесуде: «Барлығымыз келіссөздерге қатысып отырған барлық тараптар қабылдаған және Иранның мүдделерін қамтамасыз ететін келісімнің қабылдануын күтеміз»,- деді.