Раиси: Иран мен Катар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге шынайы ниет бар
https://itolqyn.com/news/iran-i59174
ИИР Президенті Катарда тұратын ирандықтармен кездесуінде: «Иран мен Катар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту үшін шынайы ниет бар»,- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 22, 2022 15:07 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Катар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге шынайы ниет бар

ИИР Президенті Катарда тұратын ирандықтармен кездесуінде: «Иран мен Катар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту үшін шынайы ниет бар»,- деп баса айтты.

Раиси дүйсенбі күні кешке Катарда тұратын ирандықтармен кездесуінде аймақ халқының қарым-қатынасының олардың ортақ   сенімдері мен мәдениеттерінен бастау алатынына тоқталып: «Бұл өлкеде дін атынан қалыптасқан өркениет пен мәдениет – үлкен байлық. Оны қашанда нығайтуға талпыну керек және цифрлық коммуникация дәуірінде оған шабуыл жасап, елеусіз қалдыруға жол бермеген  жөн»,- деді. Иран Президенті сөзінің жалғасында: «Шетелдегі ирандықтардың да ел ішіндегі ирандықтар сияқты құқықтары бар және үкіметтің оларға қатысты міндеттері мен жауапкершілігі бар. Шетелдегі ирандықтардың Иранның ішіндегі  экономикалық және инвестиция салу белсенділігі бұрынғыдан да жеңілдетілуі керек»,- деп мәлімдеді.

Иран президенті кеше (дүйсенбі) Катар әмірінің ресми шақыруымен ОПЕК газ саммитіне қатысу үшін Дохаға аттанды.