ИИР Президенті Катармен ынтымақтастықты кеңейту жолындағы кедергілерді жоюды қуаттады
(last modified Wed, 23 Feb 2022 10:25:38 GMT )
Ақп 23, 2022 16:25 Asia/Almaty

ИИР Президенті Иран мен Катар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық кедергілердің дереу жойылатынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,   Ибраһим Раиси сәрсенбі күні таңертең екі күндік Катарға сапарынан оралған кезде журналистерге сапардың жетістіктері туралы: «Бұл сапар елдің көршілестік саясатына сәйкес көршілермен өзара сенім мен ынтымақтастықты арттыру және аймақ экономикасы мен саудасындағы Иранның үлесі деген екі негізгі мақсатпен орын алды. Катармен он төрт ынтымақтастық келісіміне қол қойылды, олар міндетті түрде орындалуға тиіс және Катар Әмірі елдің жоғары лауазымды тұлғаларына осы келісімдер мен меморандумдардың орындалуын тез арада қадағалауды тапсырды»,- деді. Раиси газ экспорттаушы елдер басшылары саммитінің орны мен шешімдерін қуаттап: «Энергия, әсіресе газ - барлық қатысушы мүшелер қарастырған орталық мәселе», - деп мәлімдеді.

 

Тегтер