Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Иран мен Пәкістан арасындағы шекаралық алмасуларды жеңілдетуді қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «Өткен қырық жылдағы Иран мен Пәкістан қайраткерлерінің екі елге сапары халықтар мен үкіметтер арасындағы тығыз қарым-қатынастың тереңдігін көрсетеді»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Бақер Қалибаф сейсенбі күні Теһранда Пәкістанның Өкілдер палатасы төрағасының орынбасары Қасемхан Суримен кездесуінде: «Иран мен Пәкістан қарым-қатынасы ұзақ тарихқа ие және Ислам революциясы қалыптасқаннан бері саяси, мәдени, экономикалық, қауіпсіздік және басқа салаларда терең және жақын қатынас орнатылғанына тоқталып: «Исламдық Кеңес Мәжілісі мен Иран үкіметі Пәкістанмен саяси, экономикалық, мәдени және басқа салалардағы қарым-қатынастарды кеңейтуге үлкен мән береді»,- деді. Калибаф сондай-ақ Иран мен Пәкістан арасындағы ортақ шекара терминалдарына қатысты істерді жалғастыру қажеттігін қуаттап: «Екі елдің ортақ шекарасы Мирджава аймағынан теңізге дейін жетеді, бұл маңызды. Өткен жылы трансшекаралық алмасу жақсарды, бірақ әлі де көңіл көншітпейді»,- деп мәлімдеді.