Иранның Жол және қала құрылысы министрі Бакуге іссапармен барды
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Иран мен Əзірбайжанның ортақ экономикалық комиссиясының төрағасы ретінде осы комиссияның он бесінші отырысына қатысып, екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін бүгін, бейсенбі Бакуге аттанды.
Иран мен Əзірбайжанның соңғы 8 айдағы сауда айналымы 300 млн долларға жетті. Соның ішінде 252 млн доллар Əзірбайжанға экспорт, ал 290 млн доллар осы елден Иранға импортты құрады. Сол себепті қос тарап сауда əріптестігін арттыру туралы сұхбаттасатын болады.
Астарачай көпірін салу, Астара жүк терминалын салуды аяқтау, Солтүстік-Оңтүстік дəлізінің бір бөлігі ретінде Решт-Астара темір жолын салу жобаларының орындалу барысын қадағалау Қасемидің Əзірбайжанға сапарында талқыланатын тағы бір тақырып болмақ.