Нау 11, 2022 19:05 Asia/Almaty
  • ЮНЕСКО-ның жоғары сыйлығы ирандық өнерпазға тапсырылды

Ирандық өнерпаз ирандық ақын Хаким Низамиді марапаттау халықаралық рәсімінде ЮНЕСКО-ның жоғары белгісін алды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Чахармахал және Бахтияри облысының өнерпазы  Куруш Асадпур  бейсенбі күні кешке әйгілі ирандық ақын  Хаким Низамиді марапаттау рәсімінде  ЮНЕСКО-ның жоғары белгісін алды. Хаким Низамидің құрметіне арналған рәсім Теһранның Вахдат залында мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтіп, ЮНЕСКО-ның жоғары сыйлығы осы мәдени шараның 10 жеңімпазына берілді.

Хаким Низами алғашқы халықаралық сыйлығы жеті салада, атап айтқанда әдебиет, әскери зерттеулер, каллиграфия, кескіндеме, сахна өнері, мәдениет және музыка  бойынша, Иран- ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия тарапынан тапсырылды.

Осы мәдени шараның музыка бөлімінде Чахармахал мен Бахтиари облысының жергілікті музыка, ән жазушысы және мәдени белсендісі Асадпур құрметке ие болды.

 

Тегтер