Нау 12, 2022 15:44 Asia/Almaty
  • Иранның дүниежүзіндегі миссияларында Хаким Низамидің туы желбіреуде

Хаким Низамиді еске алу штабының басшысы бұл әйгілі ақынды еске алу рәсімінде: «Хаким Низамидің туы Иранның дүниежүзіндегі барлық өкілдіктерінде Иран туының жанында желбіреді»,- деді.

 

Махмуд Шалуи  Теһрандағы Хаким Низамиді құрметтеу рәсімінде: «Бүгін Иран Сыртқы істер министрлігінің барлық өкілеттіктерінде елдің туының жанында Низами ту тігілуде. Бұл Низамидің ирандық екенін және бұл ақынға ешбір мемлекет талап қоя алмайтынын көрсетсін»,- деді. Хаким Низамиді парсының ұлы ақындарының бірі және осы тілдің сөзсіз шеберлерінің бірі деп санау керек. Парсы тілінде хикая айтуды Низами бастамағанымен, хижраның VI ғасырдың аяғында парсы тіліндегі астарлы поэзияны дамыта алған жалғыз ақын – Низами.

Иранның ресми күнтізбесінде жыл сайын 12 наурыз күні атақты ақынды еске алу шарасы қарастырылды.

 

Тегтер