Раиси «Солтүстік-оңтүстік» транзиттік дәлізін іске қосуды қуаттады
Иран Президенті Ибраһим Раиси «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің маңыздылығына тоқталып: «Түркіменстандағы жаңа президенттік мерзімде екі елдің экономикалық әлеуетін белсендіріп, ынтымақтастықты күшейтеміз деп үміттенеміз», - деді.
Иран Президенті сейсенбі күні кешке Түркіменстан Ұлттық кеңесі төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің телефон қоңырауына жауабында оны елдегі президенттік сайлаудың өтуімен, сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтады және Орталық Азия елдерімен, әсіресе Түркіменстанмен қарым-қатынастың дамып келе жатқанын қуаттады.
Түрікменстан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Ибраһим Раисиге екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға күш салғаны үшін алғыс айтты. Түркіменстанның жаңа президенті Сардар Бердімұхамедов те сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейінгі алғашқы телефон қоңырауы және құттықтауы үшін Раисиге алғыс айтып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттап: «Теһран-Ашхабадтың барлық екіжақты, жанжақты, аймақтық және халықаралық салалардағы қарым-қатынастарын дамытуға толық дайын екенімді мәлімдеймін»,- деді.