Хатибзаде: Иран халқының қақын қайтарып алу жолында өз ұстанымымыздан кері шегінбейміз
https://itolqyn.com/news/iran-i59718-Хатибзаде_Иран_халқының_қақын_қайтарып_алу_жолында_өз_ұстанымымыздан_кері_шегінбейміз
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ұлыбританияның Иранға төлеген 390 млн-ға жуық фунт стерлингі негізгі және қосалқы қарызды құрайтынын айтып: "Иран өз халқының қақын қайтарып алу жолында ешқашан өз ұстанымынан кері шегінбейді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 17, 2022 18:32 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иран халқының қақын қайтарып алу жолында өз ұстанымымыздан кері шегінбейміз

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ұлыбританияның Иранға төлеген 390 млн-ға жуық фунт стерлингі негізгі және қосалқы қарызды құрайтынын айтып: "Иран өз халқының қақын қайтарып алу жолында ешқашан өз ұстанымынан кері шегінбейді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде Ұлыбританияның Иранға төлеген қарызы туралы сұраққа: "Лондон үкіметі 40 жылдан аса уақыт кешіктірсе де, ұзақ келіссөздердің нәтижесінде жуырда ИИР халқының қарызын төледі деп жариялағым келеді",-деп жауап берді.

Хатибзаде: "Өкінішке қарай, Ұлыбритания үкіметі осы уақыт аралығында қарызды қайтаруды саяси мәселелермен байланыстырып келді",-деді.

Хатибзаде: "Тағы да қайталап айтамын, Иранның көзқарасынша қарызды қайтару мен тұтқындарды босатудың арасында ешқандай байланыс жоқ",-деді.