Күрд даф аспабышылары Наурыз мерекесін тойлау керуенін қарсы алды
(last modified Sat, 19 Mar 2022 11:27:44 GMT )
Нау 19, 2022 17:27 Asia/Almaty

Иранның даф музыканттарының қаласы Санандажда бейсенбі күні халықаралық Наурыз мерекесі өтті.

«Иран тарихы мен өркениетінің туристік жолы» деп аталған халықаралық Наурыз мерекесін тойлау нысанындағы Наурыз керуені дүйсенбі күні Теһран Өнер бақшасынан басталып, Хамедан және Керманшах қалаларын аралаған соң бейсенбі күні Санандаж қаласына кірді. Бұл халықаралық мерекенің бағдарламаларының бірі 6000 орындық «22 Голан» стадионында Наурыз мерекесін тойлау болды. Осы стадионда орындалған бағдарламалардың қатарында даф музыканттарының өнерін көрсету  және облыстың жергілікті қайраткерлерінің біріне Наурыз төсбелгісін тапсыру  болды.