Қалибаф Наурыз өркениетінің парламент спикерлерін құттықтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы жексенбі күні кешкісін көне Наурыз мерекесіне байланысты жолдауында Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркия, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Пәкістандағы әріптестерін құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Бақер Қалибаф Наурыз өркениетінің парламенттері төрағаларына жолдауында хиджри-шамси күнтізбесінің Жаңа жылымен құттықтап, алдағы жыл барша халықтар үшін бейбітшілікке, тыныштық пен қауіпсіздікке толы жыл болуын тіледі. Қалибаф сондай-ақ бүгінде әлемнің ұлттар мен әртүрлі қоғамның көрнекті тұлғаларының арасындағы диалогқа, ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуге бұрынғыдан да көбірек мұқтаж екеніне тоқталып: «Халық өкілдері ретінде парламенттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту қазіргі әлемде тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықты құруда маңызды рөл атқарады»,- деді.