Батыс Әзірбайжан облысының көрікті жерлері
(last modified Sat, 26 Mar 2022 10:46:15 GMT )
Нау 26, 2022 16:46 Asia/Almaty

Иранның Батыс Әзірбайжан облысының жасыл табиғаты мен тарихи ескерткіштері бұл облысты көрікті жерлердің біріне айналдырды.

 

Батыс Әзірбайжан облысының орталығы Урумие қаласы болып табылады, мұнда мұражайлар, бұлақтар, дәстүрлі базарлар және тарихи ескерткіштер сияқты көптеген көрікті жерлер бар. Урумиедан басқа осы облыстың Махабад, Хой, Такаб, Чалдоран, Сардашт және Мако сияқты басқа қалаларында көне және табиғи әдемі ескерткіштер орналасқан. Такаб қаласындағы Тахт-е Сүлейман, Қара шіркеу, Урумие көлі, Сахолан үңгірі, Урумие Үлкен мешіті және Хасанлу төбесі осы облыстың басқа туристік орындары болып табылады.