Иран коронавируспен күресте үздік 10 елдің қатарында
Нау 27, 2022 23:35 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрі: "Иран коронавируспен күресте үздік 10 елдің қатарында",-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрам Ейнуллахи кеше: "Қазіргі таңда біз коронавируспен күресте үздік 10 елдің қатарындамыз. Бұған ұжымдық талпыныстың арқасында қол жеткіздік",-деді.
Ейнуллахи: "Коронавирус кезінде 6 орталық түрлі платформамен вакцина өндіре бастады. Бұл Иранның вакцина саласында өзін-өзі қамтамасыз ететін жағдайға жеткенін көрсетеді",-деді.
Иранның Денсаулық сақтау министрі: "Коронавирусқа қарсы вакцина саласында көптеген жетістікке жеттік",-деді.
Тегтер