Сардар Салами: Сионистік режимнің кез келген жердегі сұрқия әрекеті – бейберекеттік факторы
(last modified Thu, 31 Mar 2022 14:30:12 GMT )
Нау 31, 2022 20:30 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Сионистік режиммен қатынасты жалғастыруды мүлде қабылдауда болмайды. Бұл режимнің кез келген жердегі сұрқия әрекеті – бейберекеттік факторы»,-деп ескертті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами сәрсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Бу-Мұса аралында орналасқан әскери бөлімшелерді аралап: «Өкінішке қарай, Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдерді басқаратын кейбір режимдер сионистік режиммен саяси-қауіпсіздік байланыс орнатты. Бұл мәселе аймақтың қауіпсіздігі, әсіресе осы режимдердің өздеріне қатер төндіреді»,-деді.   

Генерал-майор Салами, сондай-ақ: «Сақшылар корпусының теңіз күштері әсіресе соңғы жылдары ұшқышсыз ұшақ, зымыран, ұшақ, кеме және сүңгуір қайық салаларында айрықша жетістіктерге қол жеткізді. Олар барлық қорғаныс деңгейінде жылдам әрі әсерлі реакция білдіре алады»,-деді.