Оуджи: Мұнай өндірісінің көлемі санкцияларға дейінгі межеге жетті
(last modified Fri, 01 Apr 2022 12:49:29 GMT )
Сәу 01, 2022 18:49 Asia/Almaty
  • Оуджи: Мұнай өндірісінің көлемі санкцияларға дейінгі межеге жетті

Иран Мұнай министрі: "Елдегі мұнай өндірісінің көлемі санкцияларға дейінгі межеге, яғни 3 млн 800 мыңнан аса баррельге жетті",-деді.

Джавад Оуджи: "Құрлық пен теңізде жаңа ұңғымалар қазу, мұнай өнімдерін сақтау орталықтары мен нысандарды қайта жөндеу және жаңарту саласында атқарылған әсерлі шаралардың арқасында Иранда мұнай өндірісінің көлемі санкцияларға дейінгі межеге жетті",-деді.

Иран Мұнай министрі мұнай сатылымының арту себебі туралы: "Жаңа клиенттер мен нарықтар анықталғаннан кейін мұнай келісімшарттарында түрлі тәсілдерді пайдаланудың арқасында мұнай сатылымы артты",-деді.

Ресейдің Украинаға шабуылының бір айдан аса жалғасуы және Йемен Қарулы күштерінің Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына соңғы шабуылдары салдарынан әлем нарығындағы мұнай бағасы айтарлықтай артты.