Саһвалан үңгірі – Батыс Әзірбайжанның туристік тартымдылығы
Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысында орналасқан Саһвалан үңгірі коронавирус таралып, екі жылға жабылғаннан кейін биыл наурызда тұрақты түрде қайта ашылып, туристерді қабылдай бастады.
Саһвалан үңгірі – Батыс Әзірбайжан облысының таңғажайып табиғи тартымдылықтарының бірі. Бұл Үңгір Маһабад қаласы маңындағы Саһвалан ауылында орналасқан.
Осы әдемі әрі көне үңгір жылдың төрт мезгілінде табиғат сүйер қауым мен туристерді қабылдайды. Үңгірдің ұзындығы – 600 метр. Оның жартысы құрлықта, жартысы суда орналасқан. Үңгірде кептерлер тіршілік етеді. Қайықпен қыдырғанда үңгірдің тартымдылығы арта түседі.
Саһвалан үңгірі Хамадандағы Әли-Садр үңгірінен кейін Ирандағы ең ірі сулы үңгір саналады. Ол теңдессіз панорама мен әдемі табиғи көріністеріне байланысты шетелдік туристердің назарына ілігіп отыр.