Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i60100
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: "Өткен 24 сағатта COVID-19-дан 53 адам көз жұмды. Жалпы індеттен көз жұмғандар саны 140368 адамға жетті",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 04, 2022 18:07 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: "Өткен 24 сағатта COVID-19-дан 53 адам көз жұмды. Жалпы індеттен көз жұмғандар саны 140368 адамға жетті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің Иранның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, кешеден бүгінге дейін (дүйсенбі) нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес тағы 3519 адамнан COVID-19 анықталды, олардың 450-і ауруханаға жатқызылды.

Осы мәліметке сәйкес, Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 7171165 адамға жетті.