Сәу 08, 2022 14:13 Asia/Almaty

Теһранда тұратын ауған иммигранттары Иран Сыртқы істер министрлігінің алдына жиналып, имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің іргесінде үш студентке шабуыл жасау қылмысын дұшпандардың дәрменсіздігінің айқын белгісі деп атады.

 

Сәуірдің бесі, сейсенбі күні кешке, қасиетті Рамазан айының үшінші күні Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласындағы имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің ауласында болған үш студент тәкфиршілдердің шабуылынан зардап шекті. Өкінішке орай, бұл шабуылдың салдарынан діни оқу орындарының екі шәкірті шәһид болды, үшінші адам ауруханада жатыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранда тұратын ауғандық иммигранттар екі адамның шәһид болуына көңіл айтып, жанашырлық таныта отырып, жан түршігерлік оқиғаны қатаң айыптап, оқиғаның себепкері мен оған қатыстыларға заңды шара қолдануын талап етті.

 

Тегтер