Сәу 10, 2022 16:24 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Ядролық келіссөздер Иран халқы үшін кепілдендірілген, сезілетін және тұрақты экономикалық мүдделер әкелуі керек»,-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф Мәжілістің жексенбі күнгі ашық жиналысында: «Соңғы жылдары Иранның ядролық саладағы ғалымдары, әсіресе шәһид болған ғалымдарының үздіксіз талпыныстарының арқасында қол жеткізілген таңғажайып әрі мақтануға тұрарлық жетістіктердің бірі ретінде жоғары технологияға ие радиодәрілер өндірісі мен ядролық қорғанысқа қатысты технологиялардың дамуын атауға болады»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Ядролық жетістіктер Иран экономикасының жоғарылауына мықты тірек болып отыр»,-деп еске салды.  

Тегтер