Амир Абдоллахиан Йеменнің қоршауын толығымен жоюды қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Йеменнің қоршауын толық алып тастау және атысты тоқтату мен Йемен келіссөздеріне жол ашу қажеттігін қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрлігінде Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің елшісі Ибрахим әл-Диламимен кездесуінде Йемен халқының коалициялық күштердің шабуылдарына қарсыласуына тоқталып, Йемендегі дағдарыс жағдайға алаңдаушылық білдіріп, елдегі толық блокаданы алып тастау және атысты тоқтату мен тағдырын анықтау үшін йемендің топтар арасындағы келіссөздерге жол ашу қажеттігін қуаттады.
Йемен Ұлттық құтқару үкіметінің елшісі Ибрахим әл-Дилами де ИИР үкіметі мен халқының Йеменді қолдауына алғысын айтып, Амир Абдоллахианды уақытша атысты тоқтату үдерісі мен елдегі соңғы өзгерістер туралы хабардар етті.