Иран Президенті: Теһран бірлігі жарасқан мықты Ирактың болуын қалайды
(last modified Thu, 14 Apr 2022 17:29:38 GMT )
Сәу 14, 2022 23:29 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Теһран бірлігі жарасқан мықты Ирактың болуын қалайды

Иран Президенті Ирак Сыртқы істер министрімен кездесуінде: "Иран бірлігі жарасқан мықты Ирактың болуын қалайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси бейсенбі күні Фуад Хұсейнмен кездесуінде Теһранның көршілес елдерден, əсіресе Ирактың федералды үкіметінің бақылауындағы жерлерде, соның ішінде Күрдістан аймағында ИИР-дің қауіпсіздігіне қатер төндіруге рұқсат бермейді деп күтетінін айтып: "Иран көршілес елдерге бауырлас екенін іс жүзінде дәлелдеді. Көршілес елдер де дұшпандардың қастандықтарына қырағы болады деп күтеміз",-деді.

Раиси: "Иран сионистік режимнің əрекеттерін жіті бақылап отыр. Бұл бала өлтіргіш режиммен əріптестікті жасыру мүмкін емес. Олар ешбір ел, соның ішінде Ирак арқылы аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіруге рұқсат бермейміз",-деді.

Фуад Хұсейн осы кездесуде: "Ирак ешқашан Иранға қарсы амалдар жасалатын жер болмайды. Иранның мүдделеріне төнетін қатердің алдын алу үшін қауіпсіздік саласында ауқымды əріптестік жасауға дайынбыз",-деді.

Тегтер