Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күні қарсаңында Құран Кәрімнің халықаралық көрмесі басталады
29-шы Халықаралық Құран Кәрім көрмесі коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты екі жылдық үзілістен кейін елдегі ең ірі діни шара ретінде Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Мұхаммад Бақер Калибаф, Мәдениет және исламдық бағдар министр Мұхаммад Мәһди Исмаилидің сөз сөйлеуі және елдің кейбір қайраткерлері, парламент депутаттары, Құран институттары мен мекемелерінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен бүгін, сенбі күні имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде жұмысын бастайды.
Бұл көрме «Құран - үміт пен бейбітшілік кітабы» деген ұранымен Құрандағы үміт пен бейбітшілік мәдениетіне арналып, биылғы көрмеде мекемелер мен институттардың ынтымақтастығымен 80-нен астам инновациялар мен шығармашылық ұсынылады.