Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы Facebook-тың әрекетін сынады
(last modified 2022-04-17T12:42:07+00:00 )
Сәу 17, 2022 18:42 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы Facebook-тың әрекетін сынады

Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы Facebook-тың iFilm2 арнасының осы желідегі парақшасын жойғанын айыптады.

Жуырда ешбір саяси контент салмайтын iFilm2 арнасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы жабылып қалды. Сөйтіп Ауғанстан халқының сүйікті телеарнасы осы әлеуметтік желі арқылы контент тарату мүмкіндігінен айырылды.

iFilm2 – Ираннан тыс парсытілдес көрермендерге, әсіресе Ауғанстан мен Тәжікстан халықтарына ирандық көркем фильмдер мен телехикаялар таратуға арналған арна.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының басшысы Ахмад Наурузи өзінің жеке парақшасында: «Арандатушылар Иран мен Ауғанстан халықтары арасында текетірес тудыруға бар күшін салып жатқан шақта АҚШ әлеуметтік желілерге үстемдігін пайдаланып, өзіне қолайлы кеңістік тудырғысы келеді»,-деп жазды.

Әлеуметтік желілерде Иран Телерадио бірлестігіне тиесілі бірнеше парақша, соның ішінде әлемдік тораптың Google, Microsoft, Twitter, Facebook желілеріндегі парақшалары жойылды.

Тегтер