Сәу 18, 2022 17:37 Asia/Almaty

Иран президенті: "Иран Қарулы күштерінің қуаты тежегіш сипатта. Сионистік режим сияқты дұшпандардың әрбір әрекеті жіті бақылауға алынған",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі  ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси дүйсенбі күні имам Хомейни (р.) кесенесінде Иран армиясы күніне орай өткен әскери шеруде: "ИИР Қарулы күштерінің әлеуеті зор. Басты қуат – жан-тәнімен берілген күштер. Олар қатерге бас тігіп, кез келген дұшпанға қарсы тұра алады",-деді.

Раиси қазір Иран Қарулы күштерінің жақсы жарақталып, ел мен жүйені қорғауға дайын екенін айтып: "Иран армиясының дайындығы – Ислам революциясының достарына үміт, дұшпандарына ескерту. Дұшпандар Иран Қарулы күштері қуатының тежегіш сипатта екенін білуі тиіс. Иран армиясы әлемде жапа шеккен, зорлық-зомбылық көрген барша халыққа үміт сыйлайды",-деп еске салды.

Тегтер