Қалибаф: Иран армиясының "Халқым үшін жан пида!" ұраны – оның шынайы болмысының көрінісі
(last modified Mon, 18 Apr 2022 12:12:10 GMT )
Сәу 18, 2022 18:12 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иран армиясының

Иран Ислам Кеңесі Мәжіліс төрағасы: "Иран армиясының "Халқым үшін жан пида!" ұраны – намысшыл әскерилердің шынайы болмысының көрінісі, өз халқын шексіз сүйетінінің белгісі",-деп қуаттады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф дүйсенбі күні Иран армиясы күнімен құттықтап: "Иран армиясы барлық оқиғаларда, соның ішінде соғыс, су тасқыны, жерсілкінісі және халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген нәрседе әрдайым халыққа үміт сыйлап, қолдап келеді",-деді.  

Қалибаф: "Иран армиясы іс жүзінде халық үшін өзін пида ететінін дәлелдеді",-деді.