Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялары Ресейге өз өнімдерін экспорттауға дайын
Иран Президентінің Инновация және гүлдену қорының директоры отандық іргелі ғылымға негізделген компанияларының Ресейге өз өнімдерін эспорттауға дайын екенін хабарлады.
"Экспорттық жексенбілер" атты 29-шы көрме отандық іргелі ғылымға негізделген компаниялар және Ресей сауда делегациясының қатысуымен Теһранда басталды. Бұл көрмеде бірнеше инновациялық компания ақпарат және коммуникация саласындағы түрлі өнімдерін жұрт назарына ұсынды.
Иран Президенті Инновация және гүлдену қорының директоры: "Осыған дейін өткен 28 көрмеде 15 компания шет елдерге өз өнімдерін экспорттау туралы келісімге қол қойды",-деді.
Марзия Шаварди: "Осы технологиялық оқиғада ирандық инновациялық компаниялардың мамандары мен ресейлік маркетологтар ирандық өнімдерді Ресей және басқа елдерге экспорттау жолдары туралы сұхбаттасты",-деді.