Хормозгандағы Кәнг тарихи айлағы
https://itolqyn.com/news/iran-i60680-Хормозгандағы_Кәнг_тарихи_айлағы
Хормозган облысында сұлулығы тұрғысынан теңдессіз аймақтар көп. Солардың бірі – Кәнг тарихи айлағы.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 29, 2022 16:30 Asia/Almaty

Хормозган облысында сұлулығы тұрғысынан теңдессіз аймақтар көп. Солардың бірі – Кәнг тарихи айлағы.

Кәнг тарихи айлағы – Иранның ең көне айлақтарының бірі. Ол Хормозган облысындағы Бәндәр-Ленге ауданынан 5 км қашықтықта орналасқан. Айлақтың 3000 жылдан аса тарихы бар. Көзге бірден түсетін нәрсе – осы қаланың түрлі аудандарындағы үйлердің архитектурасы мен желтартқыштар.