Қалибаф: Ислам үмбеті Палестинаға қатысты сенімдеріне берік
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Ислам үмбеті Палестинаға қатысты сенімдеріне берік",-деді.
Мұхаммед Бағер Қалибаф Дүниежүзілік Құдс күніне орай өткен шеру аясында сөйлеген сөзінде халықтың шеруге жаппай қатысуын ислам үмбетінде үстемшілдікке қарсы күрес пен бірлік рухының әлі де сақталғанын көрсететінін айтып: "Биыл палестиналық мұджаһедтер Тель-Авивтің ортасында өз жоспарларын абыроймен атқарды. Халық шеруге қатысып, әрдайым Палестинаны қолдайтындарын көрсетті",-деді.
Қалибаф: "Сионистік режиммен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастарын қалыптандырғысы келетін ислам елдерінің сатқын билеушілерінің барлығына айтарымыз: Ислам үмбеті Палестинаға қатысты сенімдеріне берік. Салтанатты шеру осы сенімге беріктікті тағы да дәлелдеді",-деді.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Құдстың тез арада азат етіліп, палестиналықтардың жеңісіне куә болармыз деп үміт білдірді.