Ирандағы 22 бахман күнгі шеруге миллиондаған адам қатысты
Иран Ислам революциясы жеңісінің 37 жылдығына орай миллиондаған адам қатысқан шеру Теһран мен Иранның 1000-нан аса ауданы мен 4000-нан аса ауылында бір мезгілде өткізілді.
Иран Ислам революциясы жеңісінің 37 жылдығына орай миллиондаған адам қатысқан шеру Теһран мен Иранның 1000-нан астам ауданы мен 4000-нан астам ауылында бір мезгілде өткізілді.
Кеше, бейсенбі 22 бахман (11 ақпан) күні Иран Ислам революциясының жеңісіне 37 жыл болды. 1979 жылы 11 ақпанда (х.ш.ж.с.б. 1357 жылы 22 бахманда) ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің жетекшілігімен Пәхләви режиміне қарсы Иран Ислам революциясы жеңіске жетті. Бейсенбі күні Теһран мен Иранның түкпір-түкпірінде өткізілген Иран Ислам революциясы жеңісінің 37 жылдығына арналған шеруде шерушілер қолдарына ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісінің суреттерін ұстап, «АҚШ-қа өлім! Израильге өлім! Сауд әулетіне өлім!» және «Ләббейк, я, Хомейни!»деген ұрандар тастап, өздерінің Ислам революциясы мен имам Хомейнидің арман-мақсаттарына адалдықтарын қайта растады.
5200-ден астам отандық және шетелдік тілші, фотограф пен операторлар 22 бахман шеруіне байланысты өткен шаралар жайлы хабар таратты.
Теһрандағы шеруге әлемнің 28 елінен келген 450-ден астам шетелдік қонақ, соның ішінде Еуропа, Африка, Азия мен Америка елдерінің ықпалды саяси және ғылыми тұлғалары арнайы мейман ретінде қатысты.
Теһранда 1394 жылғы 22 бахманның «Алла күні» атты бүкілхалықтық қарары оқылды.
Шерушілер қарарда ИИР-ның қорғаныс өнеркәсібіндегі, әсіресе зымырандық әлеуеті саласындағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін талқыға салынбайтын мәселе деп жариялап, үстемшіл күштерге Иранды әлсіретіп, оған қоқан-лоққы жасағысы келген жағдайда Иран халқының Қарулы күштердің көмегімен соқыр тәуекелшіл дұшпандарға кесімді де ауыр жауап беретінін ескертті.
Бұл қарарда Иранның ядролық келісімгер тобының талпыныстарына алғыс айтылып, Ислам революциясы жетекшісінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалу үдерісінде руханилыққа кесімді түрде көңіл аудару қажеттігін айтып, Иран үкіметі мен Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінен стратегиялық тұрғыдан міндеттеме бұзылған жағдайда тура өздеріндей әрекет етуді кесімді түрде күн тәртібіне қоюды талап етті.
22 бахман шеруіне қатысушылар осы қарарда: «Иранның ержүрек халқы 26 ақпанда Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесінің сайлауларына жаппай қатысып, дұшпанның сағын сындырып, әлем елдерінің көз алдында тағы бір ерлік көрсетіп, өздерінің бірлігін көрсетеді»,-деп мәлімдеді.
Иран Президенті Хасан Рухани да 22 бахман шеруіне қатысқан Теһран халқының үлкен жиынында Ислам революциясын дәлелдейтін 37 жылдық кезеңнің аяқталғанын және халықтың ұлылығымен бірге жүретін даму кезеңінің келіп жеткенін айтып: «Абадтандырылған мерейлі Иранды қарсыласу экономикасы аясында жасаймыз»,-деді.
Иран Президенті Иранның Ресей, Қытай және Еуоодақпен ұзақ мерзімге арналған ортақ әріптестікке қатысты кең ауқымды келісімдеріне тоқталып: «Әлем бүгінде Иран халқымен санкция және қорлық тілімен сөйлейтін уақыттың аяқталғанын, онымен тек құрмет тілінде сөйлесу қажеттігін түсінді»,-деді.
Рухани ИИР-ның мақсаты абадтандырылған әрі дамыған Иранды қалыптастыру деп атап: «Иранның ұлы халқы ешбір қысым мен қоқан-лоққыға мойынұсынбады және бас имейді де. Бүгінде барлық алпауыт елдер де Иран халқының ұлылығы алдында бас ию қажеттігін түсінді.
Иран халқының 26 ақпанда Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесінің сайлауларында беретін дауысы үміт пен заңдылық және өз құқықтарын қорғау мен Иранды дамытуға берілген дауыс болып табылады»,-деді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, сөзінің келесі бір бөлігінде: «Иран халқы – бейбіт халық. Ол аймақ пен әлемнің тұрақтылығын және қауіпсіздігін сақтауға талпынуда»,-деп қуаттады.