Maм 03, 2022 20:49 Asia/Almaty
  • Пусан фестивалінің Гран-приін ирандық «Татбиқ» фильмі жеңіп алды

«Татбиқ» қысқаметражды фильмі Оңтүстік Кореяда өткен 39-шы Busan халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінде «Үздік фильм» номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды.

Busan кинофестивалі – Азиядағы ең маңызды кинофестивальдердің бірі және 1996 жылдан бері Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында жыл сайын өтетін бұл едегі бірінші халықаралық кинофестиваль. Фестивальдің басты мақсаты – жаңа фильмдер мен алғашқы жұмыстарын көрсетіп жатқан режиссерлерді таныстыру. Режиссер Мехрдад Хасани және продюсері Хасан Мұхаммади түсірген  «Татбиқ» қысқаметражды фильмі өзінің бірінші әлемдік көрсетілімінде 39-шы Пусан халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінде (BISFF 2022) «Үздік фильм» номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды. 39-шы Пусан халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі 27 сәуір - 2 мамыр аралығында өтті.

 

Тегтер