Ислам революциясының жетекшісі: Сирия халықаралық соғыста жеңіске жетті
Ислам революциясының жетекшісі Сирия халқы мен жүйесінің қарсыласуы мен халықаралық соғыстағы жеңісін Сирия елінің беделі мен мақтанышының артуына негіз деп санады.
Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аятолла Хаменеи жексенбі күні Сирия Президенті Башар Асад және онымен бірге келген делегациямен кездесіп, Сирияның саяси және әскери салалардағы үлкен жетістіктеріне тоқталды. Ол: «Бүгінгі Сирия соғыстан бұрынғы Сирия емес. Қазір Сирия бұрынғыдан әлдеқайда құрметті және барша оған бір құдырет ретінде қарайды»,- деді. Аятолла Хаменеи бүгінде Сирия президенті мен халқының аймақ халықтарының алдында беделді екенін қуаттап: «Аймақтағы кейбір мемлекет басшылары сионистік режим жетекшілерімен бірге отырып, бірге кофе ішеді. Бірақ Құдс күні бұл елдердің халқы көшелерге шығып, сионистерге қарсы ұрандар айтады. Бұл аймақтың бүгінгі шындығы»,- деп мәлімеді. Ислам революциясының жетекшісі генерал Қасем Солейманиді де еске алып: «Ұлы шәһидтің Сирияға деген көзқарасы ерекше болды және шынайы құрбандық етті. Оның Сириядағы әрекеттерінің Иранның сегіз жылдық қасиетті қорғаныс соғысы кезіндегі әрекеттерінен еш айырмашылығы жоқ еді. Шәһид Солеймани және Ислам революциясының басқа да көрнекті мүшелері, соның ішінде шәһид Хамедани аянбай еңбек етті және Сирия мәселесін қасиетті міндет деп санады»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи сондай-ақ өткен жылдары Сирияға қарсы майданда болған кейбір елдердің достығы мен сүйіспеншілігінің көрінісіне назар аудартып: «Өткен тәжірибелерге көңіл бөлып, болашақтың сызығы анықталуы керек»,- деп қосты. Ислам революциясының жетекшісі Сирия президентінің рухы мен көңілділігін үлкен істердің негізі атап: «ИИР Президенті мен Үкіметі де шын мәнінде жоғары рух пен ерік-жігерге ие. Олар Сирия мәселесіне үлкен мән беруде, сондықтан бұл мүмкіндікті екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсарту үшін пайдалану керек»,- деді.
Сирия Президенті шәһид Солейманиді еске алумен қатар, Иран халқы мен үкіметінің ұстанымдары мен қолдауын жоғары бағалап: «Иранның өткен қырық жылдағы аймақтық мәселелерге, әсіресе Палестина мәселесіне қатысты табандылығы мен тұрақты ұстанымдары аймақтың барша халқына Иран жолының дұрыс әрі принципті жол екенін көрсетті. Соғыстың қираған жерлерін қалпына келтіруге болады, бірақ іргетасы мен негізі бұзылса, оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Аятолла Хаменеидің басшылығымен жалғасқан Иран халқының имам Хомейни ұстанымдарына табандылығы Иран мен аймақ халқының, әсіресе Палестина халқының ұлы жеңістеріне жол ашты»,- деді.