Ислам революциясының жетекшісі гүлденген ислам өркениетін орнату үшін ұлттық болмысқа ие ұрпақ тәрбиелеу керегін айтты
Ислам революциясының жетекшісі білім мен тәрбиені өркениет жасайтын ұрпақ қалыптастыратын құрал деп атап: "Жасөспірімдер мен жастар ұлттық ирандық-исламдық болмысқа ие, өз-өзіне сенімді, имамның ойлары мен революцияның армандарынан хабардар, білімді әрі білікті болып тәрбиеленуі керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні Иранның жүздеген мұғалімімен кездесуінде жаңа өркениет қалыптасту және исламдық даму деген ұзақ мерзімді мақсатқа тоқталып: "Адам ресурсы кез келген өркениеттің негізі саналады. Жаңа ислам өркениетінің негізін қалаушылар – қазір мұғалімдердің алдындағы балалар. Сондықтан мұғалімдіктің маңызын осы тұрғыдан түсіну керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі: "Осындай ұлы мақсаты бар бұл ұрпақ ирандық-исламдық болмысқа және мықты да терең сенімге ие, өз-өзіне сенімді, өзін-өзі жасайтын, Шығыс пен Батыстың бүлінген өркениеттеріне қырағы, білімді де білікті болуы тиіс",-деді.
Аятолла Хаменеи Ислам революциясынан кейін білім мен тәрбие саласында көрнекті тұлғалар дайындалып шыққанына тоқталып: "Мұғалімдердің соңғы қырық жылдағы талпыныстарының арқасында түрлі салаларда білікті мамандар дайындалды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Гүлденген өркениет құру үшін осындай тәрбие беруді кеңейте түсу керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі төзімділік пен табанды қарсылықтың құндылығын түсінуді оқушылардың қажеттіліктерінің бірі деп атап: "Шығыста болсын, Батыста болсын кез келген адам зорлық көрсететін әлемде болашақ ұрпақ қазірден бастап төзімділіктің құнын ұғынуы керек. Сонда олар осы тағылымдардың аясында өркениет қалыптастыратын мінез-құлыққа ие болып, елінің абыройын арттырады",-деді.