Амир Абдоллаһиян мен Богданов Мәскеуде Сирия тақырыбында кеңесті
Иран және Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары аймақтағы жағдай мен Сирия өзгерістерін талқылады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Амир Абдоллаһиян мен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі осы ел Президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі өкілі Михаил Богданов сәрсенбі күні Мәскеуде Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарына сәйкес Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді қуаттады.
Иран және Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары сонымен қатар Ливан, Йемен мен Парсы шығанағы аймағының қазіргі жағдайы туралы пікір алмасты.
Осындай жағдайда Сирия үкіметіне қарсылас топтың ақпараттық өкілі Салим әл-Мосаллат: "Қарсыластар тобы жан-жақты тексерістерден кейін Женева отырысына қатысуға шешім қабылдады" деді.
Сирияда бейбітшілік орнатуға қатысты келіссөздер 29 қаңтар, жұма күні Женевада өтеді.
БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура сейсенбі күні осы келіссөздерге қатысушыларға, соның ішінде, қарсыластар тобына шақыру қағаздарын жөнелтті.
Риядта жиналған Сирия қарыластарының тобы Сирия үкіметінің басты қарсылас топтарынан, соның ішінде "Сирияның ұлттық коалициясы" мен қарсылас қарулы топтардан құралған.