Иран Қорғаныс министрінің қатысуымен "Симорғ" жеңіл жүк тасымалдаушы ұшағы таныстырылды
ИИР Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш өнеркәсібі ұйымының мамандары жасаған "Симорғ" жүк тасымалдаушы ұшағы осы ведомство басшысының қатысуымен Исфаханның "Хесай" компаниясында таныстырылды.
"Симорғ" жеңіл жүк тасымалдаушы ұшағы – осы типтес ұшақтардың дамытылған түрі. Ол азаматтық және әскери авиация талаптарына сай, ауа райы жағдайына қолайлы, халықаралық стандарттар мен ережелерге сәйкес жасалған. Ұшақтың техникалық жүйесі, бөлшектері мен корпусы Иран Қорғаныс министрлігі мен іргелі ғылымға негізделген компаниялардағы жас мамандардың талпынысымен жобаланып жасалды.
Иран Қорғаныс министрі Амир Аштиани "Симорғ" жеңіл ұшағын таныстыру рәсімінде: "Жас мамандардың талпынысымен жаңа жылда қорғаныс және халыққа қызмет ету салаларында басқа жетістіктерге куә боламыз деп үміттенеміз",-деді.