Maм 22, 2022 19:11 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Иран бұрын-соңды болмаған санкциялық жағдайда айтарлықтай жетістіктерге жетті

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың Иранға қарсы қатаң санкциялар салғанына тоқталып: "Иран осындай жағдайда айтарлықтай жетістіктерге жетті",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар генерал-майор Салами: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен осы күнге дейін дұшпан тасада тұрып, кез келген сылтаумен исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзуға немесе жоюға тырысты, бірақ халықтың қырағылығы мен талпынысының арқасында үнемі жеңіліс тапты",-деді.  

Генерал-майор Салами әлемнің түрлі аймақтарындағы үстемшілдердің Иран халқына соққы жасауға жоспар құратынын айтып: "Сақшылар корпусы өз міндетіне сәйкес дұшпанды жіті бақылап отыр",-деді.

Тегтер