Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері ынтымақтастықты нығайтуды қуаттады
(last modified Wed, 25 May 2022 09:14:20 GMT )
Maм 25, 2022 15:14 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері ынтымақтастықты нығайтуды қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі сириялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде аймақ пен әлемдегі кейбір мәселелер мен өзгерістерді қарастыра отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін қуаттады.

 

Хұсейн Амир Абдуллахиан сириялық әріптесі Фейсал әл-Меқдадпен телефон арқылы сөйлескен кезде екі ел арасындағы мәселелерді талқылап, аймақтағы кейбір мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұл сөйлесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жолдары да талқыланып, аймақтағы және әлемдегі оқиғаларға байланысты тұрақты үйлестіру мен консультацияларды жалғастыруға баса назар аударылды.

Әл-Мекдад сириялық-ирандық қарым-қатынастардың дамуына және бұл қарым-қатынастарды саяси, экономикалық және ғылыми салаларда ілгерілетудің маңыздылығына ризалығын білдіріп, Иранның Сирияға үздіксіз қолдау көрсетуін жоғары бағалады.

 

Тегтер