Иран сионистердің әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсеткенін айыптады
(last modified Mon, 30 May 2022 13:27:21 GMT )
Maм 30, 2022 19:27 Asia/Almaty
  • Иран сионистердің әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсеткенін айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы жексенбі күні кешке сионистердің әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсеткенін айыптады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде нәсілшіл сионистердің әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсетіп, мұсылмандардың алғашқы құбыласын қорғаған халыққа шабуыл жасағанын қатты айыптап: "Бейт-ул-мұқаддас – өзеннен теңізге дейінгі біртұтас Палестинаның астанасы",-деді.

Хатибзаде Палестинадағы Құдс өзегі мен қарсыласу қозғалысының әл-Ақса мешітін қорғап, жалған Израиль режимінің лаңкестік әрекеттеріне төтеп беруді жалғастыра беретінін айтып, халықаралық ұйымдарды өздерінің заңды міндеттемелерін орындап, сионистердің Палестинадағы қорғансыз халыққа шабуылдарының алдын алуға шақырды.