Маусым 04, 2022 20:04 Asia/Almaty
  • Абуторабифард: Экономикалық тығырықтан шығу үшін орта және ұзақ мерзімді жоспарлар қажет

Теһран жұма намазының имамы: «Тығырықтан шығу үшін қорғаныс сияқты экономикалық салаларда орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар қажет»,-деді.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Сейт Мұхаммад Хасан Абуторабифард: «Метраполь ғимаратының қирауы сынды қайғылы оқиға –   Иранның құрметті халқы, әсіресе қаһарман Абадан халқы үшін ауыр қайғы. Бүгінгі күні жүрегі жараланған, көздеріне жас үйірілген ардақты жандарға қайғыларына ортақтасып, көңіл айтуымыз керек. Бұл оқиғаға біз жауаптымыз»,-деп мәлімдеді.

Абуторабифард сондай-ақ  хордад айының 14-і мен марқұм имамның дүниеден өткені туралы: «Имам Хомейнидің мәлімдемелері мен саяси әрекеттері Исламдағы саясат философиясының айқын түсіндірмесі болып табылады. Имам жас кезінен хазірет Әлидің (ғ.с.)  сөздерін өз қозғалысының үлгісіне айналдыруға талпынды. Құран Кәрімде уағыз бар. Ұлы имам бұл уағызды жасөспірім кезінен бастап тыңдаған. Имам Алланың мистигі болды, өйткені ол Құран уағыздарын жандандырған болатын. Оның көтерілісі, айғай мен үнсіздік, соғыс пен бейбітшілік дін қағидаларына негізделді. Илаһи білімнің нұрына бөленген ұлы имам хазірет Әлидің (ғ.с.) сөзін күн тәртібіне қойды»,-деді.

Тегтер