Маусым 04, 2022 20:47 Asia/Almaty
  • Раиси: Үстемшілдік және зұлымдықпен күресу – имам Хомейни мектебінің басты тақырыптарының бірі

Иран Президенті жұма күні кешке Иран Ислам республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) қайтыс болғанына 33 жыл толуына орай өткен рәсімде үстемшілдік және зұлымдықпен күресудің имам Хомейни мектебінің басты тақырыптарының бірі екенін айтып: "Ислам революциясынан кейін Иран әлемде жапа шеккендердің құтқарушысы әрі қорғаушысы болып келеді",-деді.

Раиси осы рәсімде имам Хомейнидің (р.) саяси мектебінде әлемдегі мазлұмдар мен әлсіздерді құтқаруды аса маңызды қырлардың бірі деп баяндап: "Әлемдегі барлық мазлұмдар имамды өздерінің көсемі санайды",-деді.

Иран Президенті имам Хомейнидің (р.) "АҚШ ештеңе істей алмайды" деген сөзіне тоқталып: "Қазір көріп отырғанымыздай, Ақ үйдің ақпарат хатшысы Иранға қарсы барынша қысымның жеңіліс тапқанын ашық түрде жариялады",-деді.

Раиси, сондай-ақ әлемде саясаткерлердің көптігіне қарамастан адамзат үшін руханиятсыз саясаттың көп қиыншылық тудыратынын айтып: "Руханиятсыз саясаттың салдарынан Палестина халқы 70 жыл бойы зұлымдық көріп келеді, әлемде ядролық қарулар бәсекелестігі жалғасып жатыр",-деді.  

Тегтер