Табас-Язд жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 10 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/iran-i61616-Табас_Язд_жолаушылар_пойызы_рельстен_шығып_кетіп_10_адам_қаза_тапты
Иранның Қызыл Жарты Ай жедел көмек және құтқару ұйымының басшысы Табас-Язд жолаушылар пойызының рельстен шығып кеткенін және оқиға орнына Қызыл Жарты ай ұйымының жедел көмек көрсетушілерінің аттанғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 08, 2022 14:41 Asia/Almaty
  • Табас-Язд жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 10 адам қаза тапты

Иранның Қызыл Жарты Ай жедел көмек және құтқару ұйымының басшысы Табас-Язд жолаушылар пойызының рельстен шығып кеткенін және оқиға орнына Қызыл Жарты ай ұйымының жедел көмек көрсетушілерінің аттанғанын хабарлады.

Мәһди Валипур: «Бүгін,  сәрсенбі  таңертең өз бағытымен келе жатқан Табас-Язд жолаушылар пойызы Мазино станциясының ауданында рельстен шығып кеткен.  Өкінішке қарай, бұл апаттан осы уақытқа дейін 10 адам қаза тапты. Оқиға салдарынан 12 адам зардап шекті. Бірақ бұл статистика апаттың ауырлығына байланысты артуы мүмкін.

Табас қаласы Иранның шығысындағы Бирдженд қаласынан батысқа қарай 270 км жерде орналасқан.