Раиси: Ешкім Иран халқымен зорлық тілінде сөйлесе алмайды
(last modified Fri, 10 Jun 2022 08:39:52 GMT )
Маусым 10, 2022 14:39 Asia/Almaty
  • Раиси: Ешкім Иран халқымен зорлық тілінде сөйлесе алмайды

Иран Президенті бейсенбі күні кешке сионистік режимнің арандатуымен АҚХА басқарма кеңесінде Иранға қарсы қарар бекітілгенін айтып: «Ешкім Иран халқымен зорлық тілінде сөйлесе алмайды»,-деді.

Иран Президенті Раиси АҚХА басқарма кеңесінде Иранға қарсы қарар бекітілгені туралы сұраққа жауабында: «Мұндай шаралар ешқашан Иран халқының даму жолын тоқтата алмайды. Зорлықшылдар Иран халқының құқықтарын ресми түрде тануы тиіс»,-деді.

Иран Президенті: «Иран халқы өз сөзі мен құқығын қисынды жолмен қорғайды. Ешкім Иран халқымен зорлық тілінде сөйлесе алмайды»,-деді.

АҚШ пен Еуропа үштігінің Иранға қарсы ұсынған қарары сәрсенбі күні Қытай мен Ресейдің қарсылығына қарамастан АҚХА басқарма кеңесінде бекітілді.

Бұл қарар саяси негізде сионистік режимді қуанту үшін АҚХА басқарма кеңесіне ұсынылған болатын.