Амир Абдуллахиан Дамаск әуежайындағы шабуылды айыптады
(last modified Sat, 11 Jun 2022 12:30:42 GMT )
Маусым 11, 2022 18:30 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Дамаск әуежайындағы шабуылды айыптады

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал әл-Меқдадпен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің Дамаск әуежайына шабуылын айыптап: «Иран әрқашан Сирия үкіметі мен халқының жанында болды және болады»,- деді.

 

Сирия армиясының әуе қорғаныс  жүйесі жұма күні таңертең Дамасктің шетінде Израильдің соңғы әскери агрессиясына қарсы тұрды.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан осы сұхбатында: «Израиль басқыншы режимінің Сирия инфрақұрылымдарына, соның ішінде әуежайлар, порттар және елдің басқа да маңызды және өмірлік орталықтарына шабуылдарын жалғастыруы Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу ғана емес, сонымен қатар барлық халықаралық заңдарға, нормалар мен гуманитарлық принциптерге қайшы келеді»,- деп мәлімдеді.

Осы телефон сұхбатында Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал әл-Меқдад та ИИР-ның Сирия халқының сионистік режимнің басқыншылығына қарсы қарсыласуын жалғастыруын қолдауына алғыс айтып: «Израиль режимінің аймақтағы мұндай асығыс әрекеттері мен басқыншылықтары оның қорқынышы мен әлсіздігін көрсетеді. Сионистер өздерінің тұрақсыз және нәзік жағдайларын жасыру үшін аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзуды көздеуде»,- деді.

 

Тегтер