Раиси: Теһран мен Ашхабадтың ынтымақтастығы мүмкіндігі қазіргі қарым-қатынас деңгейінен жоғары
ИИР Президенті Түркіменстан президентімен ортақ баспасөз мәслихатында: «Теһран мен Ашхабадтың ынтымақтастық мүмкіндіктері қазіргі қарым-қатынас деңгейінен жоғары»,- деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Дос, бауырлас, көршілес елдердің жоғары деңгейдегі делегациясының бұл сапары екі ел арасындағы қарым-қатынаста бетбұрыс болуы мүмкін»,- деді. Екі елдің ынтымақтастығы әлеуеті қазіргі қарым-қатынас деңгейінен жоғары екенін атап өткен Иран президенті: «Экономикалық салада екі елде ынтымақтастықты қазіргі деңгейден жоғары кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктер мен негіз бар»,- деп мәлімдеді. Раиси Каспий жағалауы елдерімен ынтымақтастықты ИИР-ның сыртқы саяси басымдықтарының бірі деп санап, Каспий жағалауы елдерінің саммитін Түркіменстанда өтуін құптап: «Екі ел арасындағы ынтымақтастық аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа әкелетіні сөзсіз»,- деді.
Сердар Бердімұхамедов: «Келіссөздер екі ел арасындағы ашықтық, сенім және өзара сыйластық жағдайында өтті, бұл екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастың бейнесін көрсетті»,- деп айтты.