Маусым 17, 2022 19:11 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркіменстан медиа өндірісінде ынтымақтастықты кеңейтеді

ИИР Телерадио бірлестігі басшысы мен Түркіменстанның Мемлекеттік радио және телевидениесінің басшысы бірлескен бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар шығару саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі қоғамдық байланыс бөлімінің мәліметінше, Пейман Джебели бейсенбі күні Арслан Ашировпен кездесуінде Түркіменстанның мәдени-тарихи ортақтықтары, әдет-ғұрыптары мен туыстық және отбасылық қарым-қатынастары жағынан Иранмен ең жақын көршілес елдердің бірі екенін баса айтып: «Ортақ тұстардың кең ауқымы екі ел арасындағы БАҚ ынтымақтастығын кеңейтуді қажет етеді. Екіжақты негіздермен қатар, екі ел Азия хабар тарату одағы ұйымында өзара ынтымақтастық пен қолдауға ие болуы керек»,- деді.

Түркіменстанның Мемлекеттік радио және телевидениесінің басшысы да: «Түркіменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедовтың Иранға бірінші ресми шетелдік сапары Иранның Түркіменстанның сыртқы және халықаралық қатынастарындағы маңыздылығын көрсетеді»,- деді.

 

Тегтер