Теһран жұма намазының имамы: Иран зорлық-зомбылыққа бағынбайды
(last modified Fri, 17 Jun 2022 13:44:59 GMT )
Маусым 17, 2022 19:44 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Иран зорлық-зомбылыққа бағынбайды

Теһран жұма намазының имамы: «ИИР санкцияларды алып тастау келіссөздерді ғиззат тұрғысынан қарастырады және зорлық-зомбылыққа бағынбайды»,- деп қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Теһран  жұма намазының имамы Мұхаммад-Джавад Хадж Алиакбари үкіметтің  белсенді аймақтық дипломатиясын жоғары бағалап: «Үкімет уәде еткенін және Ислам революциясы жетекшісінің қалағанын орындады»,- деді. Теһран  жұма намазының имамы санкцияларды алып тастау келіссөздер туралы: «Артық талап етушілердің алдында ғиззат және қисынды ұстаным көрсетіп,  келіссөздерді әділетті түрде жүргіземіз және ешбір жағдайда зорлық-зомбылыққа бағынбаймыз»,- деп айтты.