Иран аймақтағы транзит орталығы ретіндегі тарихи орнын қайта жандандырып жатыр
(last modified Sun, 19 Jun 2022 18:38:08 GMT )
Маусым 20, 2022 00:38 Asia/Almaty
  • Иран аймақтағы транзит орталығы ретіндегі тарихи орнын қайта жандандырып жатыр

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы елдің географиялық жағдайына тоқталып: «Иран аймақтағы транзит орталығы ретіндегі тарихи орнын қайта жандандырып жатыр»,-деп жазды.

Қазақстан Президентінің Теһранға сапары барысында Қазақстанның Иран жері арқылы Түркияға темір жол дәлізінің символдық ашылу рәсімі болды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Баһадори Джаһроми жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: «Жаңа халықаралық транзиттік бағыт ашылғаннан кейін Иранның ерекше географиялық жағдайының маңызы одан ары арта түсті»,-деп жазды.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы: «Қазақстанның алғашқы контейнерлік пойызы Иран жері арқылы Еуропаға жөнелтілгеннен кейін  Иран аймақтағы транзит орталығы ретіндегі тарихи орнын қайта жандандыруға бет алды»,-деді.

Тегтер